📚 Сұрақ: Музыкалық аспаптар қосылған нашидтерді тыңдауға бола ма? 📔 Жауап: Егер қайбір әуенде музыкалық аспаптар қолданылса немесе цифрлық тәсіл арқылы қосылса, оларды тыңдауға болмайды. Одан да хайырлысы, Құран тыңдағаныңыз дұрыс немесе музыкалық аспаптар қолданылмаған нашидтерді тыңдауға кеңес береміз. Алла жақсырақ білуші ✏ Муфтий Сухайл Тармахомед askimam.ru 📚 Сұрақ: Кейбір нашидтер "даф"-тың (ұрмалы аспап) сүймелдеуімен айтылса, оны тыңдауға бола ма? 📔 Жауап: "Даф"-ты неке қиылған уақытта той үстінде қолдануға қатысты ғалымдардың көзқарасы бірдей. Ал, басқа уақытта қолдануға қатысты ғалымдар түрлі көзқарастарға бөлінген. Бір топ ғалымдар мұны "мәкруһ" деп бағаласа, ал бір тобы "даф"-ты кез келген уақытта қолданудың еш әбестігі жоқтығын айтқан. Сондықтан "даф" қолданылған нәшидтерді тыңдауға рұқсат етіледі, бірақ тақуалық тұрғысынан одан бас тартқан да абзал болады, себебі, кейбір ғалымдар оны "мәкруһ" деп бағалаған. Алла жақсырақ білуші. ✏ Муфтий Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри daruliftaa.com 📍 Сіздерге, HANAFI.kz сайтында "Уағыздар бөлімінен" Қасиетті Құран аяттары мен нашидтерді жүктеп, тыңдауға кеңес береміз: 🔸 Құран Кәрім: https://cloud.mail.ru/public/89m4/YnDEABBdC 🔸 Нашидтер: https://cloud.mail.ru/public/DuQP/CQDrjXqmH Алла Тағала біздің нәпсілердің қалауымен емес, шариғат бекіткен заңдармен жүруді нәсіп етсін! Ханафи бауырлар қауымдастығы